Токарлық іс (түрлері бойынша)
Мамандық коды: 07151100
Сурет 2 орны
Сурет 3 орны
Сурет 4 орны
Мамандыққа жалпы сипаттама
«Токарлық іс» мамандығы бойынша білім алушылар келесі дағдыларды меңгереді: әртүрлі металдар мен құрылымдық материалдарды жону станоктарында өңдеу әдістерін; технологиялық сызбаларды, схемалар мен нұсқаулық карталарды еркін оқуды; түрлі детальдарды (біліктер, дискілер, төлкелер, бұрандалар және т.б.) сызбаға сәйкес дәлдікпен жонып шығаруды; токарь станоктарының (соның ішінде бағдарламалық басқарылатын – СҮБ/ЧПУ станоктарының) құрылымын, жұмыс істеу принциптерін және оларды баптауды; бақылау-өлшеу құралдарын (микрометр, штангенциркуль және т.б.) дәл қолдануды және еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауды.
Кәсіптік қызмет сферасы
- Мұнай-газ өндіру және өңдеу кәсіпорындарының жөндеу-механикалық цехтарында;
- Машина жасау және металл өңдеу зауыттарында;
- Автокөлік құралдары мен арнайы техникаларды жөндеу шеберханаларында;
- Технологиялық жабдықтарды монтаждау және қызмет көрсету мекемелерінде;
- Өзінің шағын кәсібін ашуға құзырлы.
РУС
ҚАЗ