Жүгіру жолы
Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор поселкесі, Қадим Жандауов көшесі № 5 үй
8 (71239) 2 17-35
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
Жүгіру жолы
"Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі" КМҚК
AA+
Мамандық карточкасы - 10130300
1013 Қонақ үй қызметі, мейрамханалар және тамақтандыру саласы

Тамақтандыруды ұйымдастыру

Мамандық коды: 10130300
Біліктілігі 3W10130302 - Аспазшы
Оқыту мерзімі Негізгі орта білім базасында (9-сынып) - 2 жыл 10 ай
Жалпы орта білім базасында (11-сынып) - 10 ай

Мамандыққа жалпы сипаттама

Аспазшы мамандығы бойынша білім ауқымы өте кең. Білім алушылар балықты, етті және басқа гастрономиялық өнімдерді дұрыс әрі жылдам өңдеуді, олардың түрлері мен сипаттамаларын игереді.

Аспаз аспаздық өнімдерді дайындаудың рецепттері мен әдістерін, сапаға қойылатын талаптарды, сыбаға бөліктерін дұрыс бөлуді, сондай-ақ қарапайым және күрделі тағамдарды безендіру мен ұсынуды түсінеді. Сонымен қатар, тиімді, диеталық және медициналық тамақтану негіздерін, түрлі диеталар мен аллергиялық реакция тудыруы мүмкін өнімдердің сипаттамаларын меңгереді.

Оған қоса, өнімдердің тағамдық құндылығын жоғалтпай пісіру, дастарқанды күнделікті немесе мерекелік мәзірге сай әсемдеу және ұйымдастыру дағдылары үйретіледі.

Кәсіптік қызмет сферасы

  • Мейрамханалар, кафелер мен барларда;
  • Қонақ үй кешендерінің тамақтандыру бөлімдерінде;
  • Мектеп, балабақша, емдеу мекемелері мен өндірістік асханаларда;
  • Кейтерингтік компанияларда (көшпелі тамақтандыру қызметі);
  • Жеке кондитерлік немесе кулинарлық цех, аспаздық бизнес ашуға құзырлы.