Жүгіру жолы
Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор поселкесі, Қадим Жандауов көшесі № 5 үй
8 (71239) 2 17-35
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
Жүгіру жолы
"Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі" КМҚК
AA+

Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға студенттер, ата-аналар, педагогтер және ардагер ұстаз Ізтұрған Молдабекұлы қатысты. Жиында колледж директоры Айбол Темірбайұлы білім алушылар мен ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, барша қауымға толағай табыс пен шығармашылық жетістіктер тіледі. Сондай-ақ ата-аналар сөз сөйлеп, ұстаздар мен студенттерге ізгі тілектерін білдірді. Олар білім алушыларға оқуда табыс, таңдаған мамандықтарын жетік меңгеріп, елдің білікті де адал азаматы болуға тілектестік білдірді. Салтанатты шара бірінші курс студенттерінің ант қабылдау рәсімімен жалғасты. Колледж табалдырығын алғаш аттаған білім алушылар жақсы оқуға, таңдаған мамандығын терең меңгеруге, колледждің ішкі тәртібін сақтауға және еліміздің дамуына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді. Салтанатты жиынға «Заң және тәртіп» жобасы аясында полиция майоры Бағылан Исанов қатысып, студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Ол жастарға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау жөнінде тағылымды кеңес берді. Жиыннан кейін топ кураторлары студенттерге арналған тәрбиелік сағаттар өткізді. Жаңа оқу жылы барша білім алушылар мен педагогтер үшін табысты, жаңалыққа толы әрі жемісті болсын!

Пікірлер қосу