Жүгіру жолы
Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор поселкесі, Қадим Жандауов көшесі № 5 үй
8 (71239) 2 17-35
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
Жүгіру жолы
"Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі" КМҚК
AA+

Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде білім алушылардың бойында отансүйгіштік, адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық және заңға құрмет құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағаты барысында білім алушыларға Ата Заңымыздың маңызы мен қоғамдағы рөлі, Конституцияға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Адал азамат», «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан», «Толық адам» сияқты маңызды идеяларына тоқталып, олардың жастар тәрбиесіндегі мәні кеңінен түсіндірілді.

Тәрбие сағаты барысында студенттер өз ойларын ортаға салып, заңды құрметтеу, адал еңбек ету, қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында пікір алмасты.

Адал азамат – елдің тірегі!
Зерделі ұрпақ – ұлттың болашағы!
Жауапты қоғам – жарқын келешектің кепілі!

Пікірлер қосу