Жүгіру жолы
Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор поселкесі, Қадим Жандауов көшесі № 5 үй
8 (71239) 2 17-35
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
Жүгіру жолы
"Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі" КМҚК
AA+
Мамандық карточкасы - 07150500
Машина жасау және металл өңдеу

Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)

Мамандық коды: 07150500
Біліктілігі 3W07150501 - Электргазымен дәнекерлеуші
Оқыту мерзімі Негізгі орта білім базасында (9 сынып) - 2 жыл 10 ай

Мамандыққа жалпы сипаттама

Дәнекерлеу ісі мамандығын игеру барысында металдарды пісіру өндірісінің негіздері, металдарды қол доғасымен, жартылай автоматты, қорғағыш газдар және флюс астында пісіру, балқыма қабаттарын құю әдістері мен газ жалынымен пісіру, кесу, жанастырып пісіру технологиялары үйретіледі.

  • Металл мен материалды, жұмыс орнын дәнекерлеуге дайындау;
  • Күрделі емес біріктірулерді жинау;
  • Құбырлардың бұрылмалы, бұрылмайтын түйіспелерін және фланецтердің бұрыштық, сақиналы түйіспелерін орындау;
  • Барлық жазықтық жағдайында, әртүрлі конструкцияларды, аз көміртекті және төмен легірленген болатты қолмен доғалы дәнекерлеу (ҚДД) және газ жалынымен өңдеу (ГЖӨ).

Кәсіптік қызмет сферасы мен міндеттері

  • Дәнекерлеу қондырғысы мен аппараттарының құрылысы мен жұмыс жасау принципін білу;
  • Металл және материалдарды қол доғасымен / газ жалынымен дәнекерлеуге дайындауда слесарлық жұмыстарды атқару;
  • Қауіпсіздік техникасы ережелерін, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру талаптарын сақтау;
  • Дәнекерленетін құрылымдардың сызбаларын оқи білу;
  • Құрылыс-монтаждау алаңдарында пісіру жұмыстарын атқару;
  • Жабдықтарды пайдалану кезінде пайда болатын ағымдық ақауларды анықтау және жою.