Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу
Мамандық коды: 07230100
Мамандыққа жалпы сипаттама
«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша білім алушылар келесі дағдыларды меңгереді: киім бөлшектерін қосудың әдістерін; жеке адамнан өлшем алу, оның өлшемін, бойын анықтауды; материалдардың түрлері мен қасиеттерін қосудың әдістерін; ылғалды-жылулық өңдеудің өңдеу режимдерін білуді; пресспен, үтікпен жұмыс жасай білуді; тігін машиналарының құрылысын, жөнделуін; киім тігу технологиясын біліп, оларды сапалы тігіп шығаруды.
Кәсіптік қызмет сферасы
- Тігін ательелерінде;
- Сән үйлерінде;
- Тігінші цехтары мен фабрикаларда;
- Театрлар мен мәдениет үйлерінде;
- Өзінің шағын кәсібін ашуға құзырлы.
РУС
ҚАЗ