Мұнай және газ кен орындарын пайдалану
Мамандық коды: 07240900
Мамандыққа жалпы сипаттама
Мұнай және газ өндіру операторы мұнай мен газ өндіру әдістері кезіндегі технологиялық процестерді жүргізеді, қызмет көрсетеді, жабдықтар мен механизмдерді бөлшектеп, жинақтайды. Скважина жұмыстарының белгіленген режимін сақтап, газ дайындаудағы кешенді қондырғылардың, топтық өлшеу қондырғыларының, газды жерасты сақтау станциялары және басқа нысандардың жұмыстарын жүргізеді. Мұнайкәсіпшілігі жабдықтары мен арматуралардың механизмдерін жинайды, әзірлейді және жөндейді. Жерасты және жер үсті скважиналарының жоғары қысымын бумен өңдейді. Бақылау және автоматика құралдарының көрсеткіштерін анықтайды.
Кәсіптік қызмет сферасы
- «Мұнай және газ өндіру операторы» біліктілігі бойынша мұнай және газ өндірудің мұнай кен алаңы орындары
РУС
ҚАЗ